Байланыс 

050010, Алматы қ., 
Зенков көш., 80, 2 қабат.
Call center: +7 (727) 250 00 21
Факс: +7 (727) 293 88 37
E-mail: info@kecic.kz   

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Chairman of the Board AmerkhodzhaevCіздерді «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сактандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның ресми сайтында сәлемдесуге рұқсат етініздер. 2003 жылдан бастап және кейінгі жылдар бойы Корпорация экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша көрсететін қызметтерінің көлемі мен түрлерін ұлғайтып отыр.

Біз бұл жағдайдың еліміздегі экспорттық әлеуеттің өсу бейнесі және экономикамызды әртараптандыру бойынша көзделген беталыстардың растамасы болып табылатындығына сенімдіміз. Өткен 2009 жыл Корпорацияның тәжірибесін молайтуға және жемісті көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Тауарлар мен тікелей инвестициялардың шетелге шикізаттық емес экспортын сақтандыру бойынша қабылданған міндеттемелердің көлемі 2007 жылғымен салыстырғанда 2008 жылы 6,5%-ға өсті және  7 млрд. теңгеден астам мөлшерді құрады.

Біздің клиенттердің – шикізаттық емес, тәуекелдерді бағалау секторы бойынша экспортшылардың қажеттіліктерін дәл білу Корпорацияға жылдан жылға қызмет көрсеткіштерін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің тізілімін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Есептік жылдың ортасында Корпорация Жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына  кіреді. Осы Бағдарлама аясында Корпорация «кредиттеу-сақтандыру» тізбегі бойынша экспортшылар үшін ұсынылатын қаржы қызметтерінің спектрін кеңейту бастамасымен әрекет етті. 2010 жылдан бастап Корпорация экспортшыларға қызмет көрсететін екінші деңгейлі банктер арқылы сауданы қаржыландыру бойынша операцияларға жанама кредит беру бойынша қаржы қызметтерін ұсынады.

Қазақстандық экспортшылар және инвесторлар өздерінің қорғалғандығын сезініп, өздерінің бизнестерін сыртқы нарықтарда сеніммен кеңейтуі, біз үшін өте маңызды.
Қорыта келе, осы жылдар бойы зор сеніммен, бізбен бірге болғандарға алғысымды білдіріп, болашақта өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға тілектеспін! 
      
Басқарма Төрағасы
Амерходжаев Г.Т.

Жаңалықтар

2010 жылдың  25 маусым айында Басқарма Төрағасының Орынбасары Хасенова Г.А.  Қазақстан  Республикасының монополияға қарсы заңның арнаулы тәжірибемен қолдануын жинақтауға араналған конференциясына қатысты.

      Конференцияны бәсекелестiктiң қорғауы бойынша ҚР агенттiгiнiң қолдауымен "Дамыту және бәсекелестiк саясатты қорғау орталығы" АҚ-ның және «Қазақстанның тауар өндiрушiлер және экспортшыларының одағы» бiрлесiп ұйымдастырған.    Конференцияның монополияға қарсы заңның бүлақты сұрақтары мен Қазақстан нарығында мемлекеттiк заң көріністерін реттеу қарастырылды. Бұдан басқа, "Бәсекелестiк туралы" заңның тәжірибелі түрде iске асыруымен, кәсiпкерлiк орта мәселелері мен...
28 Маусым
2010 жылдың 23 маусым айында Тараз қаласында өткен "ZHAMBYL-INVEST - 2010" бизнес-форумымында Басқарма Төрағасының Орынбасары...

3 Маусым
2010 жылдың 3 маусымында  «International Herald Tribune» халықаралық медия серiктестiгімен ұйымдастырылған  IV Халықаралық...

26 Мамыр
Мамырдың 26-27-де Ашхабад каласында өткен Түркменістандағы сауда миссиясына Басқарма Төрағасы Амерходжаев Г.Т. катысты,...